Студент «ВКонтакте» желісіндегі аудиожазбалары үшін сотталды

28 қараша 2016, 15:49

 

photo_31939

«ВКонтакте» желісіндегі аудиожазбалары үшін ақтөбелік студент 5 жылға сотталды, — деп хабарлайды «Диапазон». Осыған дейін тергеушілер 18 жастағы жігіттің парақшасынан терроризмге үгіттейдіделінген тректерді тапқан болатын.

tengrinews.kz хабарлағандай, биыл 28 қарашада Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі сотта құрылыс және бизнес колледжінің студенті Мәуліт Еменов терроризмді насихаттады деп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.

Процесстік прокурор тараптарды қатар тыңдау барысында сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Соттың үкімі студент пен оның анасын есеңгіретіп тастапты. «Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, Еменовтің жеке парақшасында араб және орыс тілдерінде аудиожазбалар анықталған. Бұл жазбалар жиһадқа үгіттеп, терроризмді насихаттаған. Бұл жазбалар ашық тұрған және оны қалаған адам тыңдай алған», — деп жазады басылым.

Тергеудің мәліметінше, Еменов радикал діни ағымының ұстанушысы болған. Сотталушының өзі болса 2016 жылдың ақпанынан бастап дінге беріліп, бес уақыт намаз оқығанын мәлімдеген.

«Мен ештеңе де таратқан жоқпын. Мен ешкімде ештеңеге үгіттеген жоқпын, бұлай болады деп ойламадым, ойламаған жерден болды. Анамнан, ағамнан, барлығынан кешірім сұраймын. Қатаң жазаламауды сұраймын», — деді сот залында сотталушы. Соттың шешімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды