Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында ішімдікке сылқия тойған әйел туған анасына пышақ сұғып алды. Қылмысқа екеуара жанжал себеп болған.
Оқиға 28 сәуір күні болған. Үйіне мас күйінде келген 40 жастағы әйел анасымен сөзге келіп қалады. Ақыры ол қолына асхана пышағын алып, анасының ішіне сұғып алған.
Сотта анасы қызын кешіріп, қатаң жазаламауын сұраған. Маскүнемдікке шалдыққан әйел мәжбүрлі түрде емделетін болды.
Бұған қоса анасының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген әйелге 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.