Премьер-лигада көш соңында, 12-орында келе жатқан клубқа жанкүйерлері наразы. Жақында ғана Владимир Мұқановты бас бапкер етіп тағайындағанымен, батыстық команданы сәтсіздк шырмауы шыр айналдырып шығармай жүр. Ал елдегі үлкен футбол додасының мәресі таяп қалды. 13-сектор атымен танылған ауқымды жанкүйерлер тобы командаға көкейлерінде жүрген өкпелерін жауғызды.
«Біздің соңғы орыннан шыға алмай жүргенімізге мотивацияның болмауы себеп емес. Команда барынша тырысып жүр. Өткен турда «Ақжайықпен» тең түстік. Бірақ Оралдық команданың әлеуеті баршаңызға белгілі ғой»,- деді бас бапкер Мұқанов.
«Менің ойымша, біздегі команда команда емес. Маусым басынан бері «тырысамызды» атып келе жатсыңдар. Бірақ тырысқан ұжымды көрмей тұрмыз. Сосын, Андрей сен капитан емессің. Капитан рухты болу керек. Команданы алға сүйреу керек. Болмаса капитандықты өткіз»,-деді аты белгісіз видео авторы.
Ал қақпашы Андрей Сидельников өз кезегінде: «А че мне бежать?»,-деген дөрекі жауап қайтарды. Алғаш қазақ жұртына Еуропа футболын көрсеткен клубтың мұнша дәрежеге төмендеуіне не себеп?
Жанкүйерлердің ойынша кінә басшылар мен бапкерлер алқасынан. «Васильевтің жыры» ұмытыла бастағанда тағы да былық басталды-ау деген пікірде батыстықтар.