Ақтөбеде соңғы қоңырауда оқушыларды тыс қалдырып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты күткен мектептен шу шықты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ.
Балаларымыз соңғы қоңыраудың сыңғырын естімеді деген ата -аналар облыс әкімін күткен мектептің бұл әрекетіне наразы. Әсіресе соңғы салтанатты шараға мектеп әкімшілігі балаларымызды не үшін қатыстырмай қойғанын түсінбейміз дейді. Ал қалалық білім бөлімі болса бұл жағдайды мектепте баланың көптігімен түсіндіріп отыр.
«Немерем 2 -класта оқиды, жақсы оқиды. Бірақ соңғы қоңыруға барған жоқ. Келмей-ақ қойыңдар деген бұларға. Барған жоқ. Үздік оқушысыда, басқасы да барған жоқ. Дұрыс емес қой. Негізінде соңғы қоңырау болған соң бүкіл бала қатысу керек»,-дейді Ырыс Рамазанова. .
Балаларымыз соңғы қоңыраудың сыңғырын естімеді деген ата -аналар облыс әкімін күткен мектептің бұл әрекетіне наразы.
Бұл болған жағдайды қалалық білім бөліміндегілер де жоққа шығармайды. Айтуларынша, мектепте баланың көптігінен соңғы қоңырау салтанатына тек жоғарғы сынып және үздік оқитын оқушылар ғана шақыртылған. Басшы сөзінше, соңғы қоңырауға мектептің барлық оқушысы бірдей қатысуға міндетті емес көрінеді.