jasqazaq.kz

Ақтөбеде шаранасы өлі туған келіншектің жақындары перзентханада шу шығарды

05 қыркүйек 2017, 23:11

Суы кетіп жедел жәрдеммен жеткізілген Асылзат Тұрарға дәрігерлер еш қарамады деп отыр. Шұғыл босандырудың орнына толғақтың келгенін күткізіпті. Жас босанған ананың өзі де соның кесірінен нәресте тұншығып қалды дейді. Алайда акушерлер өздеріне шаң жуытар емес. Бұл туралы КТК хабарлайды.

22 жастағы Асылзат Тұрардың екі күннен бері жанары жасқа толып жүр. Шаранасының жатырында жатып шетінеп кеткеніне күйінеді. Ал оған дәрігерлерді кінәлап отыр. Өйткені суы кетіп, жәдел жәрдеммен жеткенде ешкім көмек бермеген көрінеді.

“Босанамын десем, жоқ әлі бір-екі сағат күтесіз дейді. Күшенбе, күшенбе деді. Мен туып қойдым жарты сағатқа жеткізбей”, – дейді Асылзат Тұрар.

Асылзаттың анасы мен енесі де екі күннен бері перзентхана жағалап жүр. Айы-күні жетіп осында жеткізілген келіншекті дер кезінде неге босандырмағандарына ашынады.

Дәрігерлер Асылзаттың шаранасының перзентханаға келгенде жүрегі соғып тұрғанын айтады. Бірақ осыдан сегіз жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес толғағы піспеген келіншекті уақытынан ерте босандыруға құқықтары жоқ екен. Сондықтан кем дегенде 24 сағат күтуге мәжбүр болдық деп отыр.

“Гипоплазия деген баланың жолдасы. Ол өзінің көлеміне, өзінің салмағына жетпейді. Сосын бізге түскенде суы кетіп түсті. Күні жетілген жоқ. Жаңағы заң бойынша клиникалық протоколдар бар. Солар бойынша 24 сағат біз күтеміз”, – дейді Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы директорының орынбасары Сәнтай Бержанова.

Қазір баланың өлі туылуына байланысты гистологиялық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы шыққанда ғана дәрігерлердің әрекетіне баға берілетін болады. Ал облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бері 13 сәби шетінепті. Дегенмен, мұнда денсаулығында ақауы бар ана мен бала түсетінін де айта кетейік.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті