Ақтөбеде үш бала Сазды өзеніне батып кетті. Құтқарушылар олардың мүрделерін судан алып шықты.
«Жергілікті уақытпен сағат 16:30-да кезекші бөлімге Сазды өзеніне балалардың суға кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жедел құтқару қызметінің екі жасағы жіберілді. Құтқарушылар өзеннен 2002 жылы туған екі бала мен 2003 жылы туған бір баланың мүрдесін алып шықты. Олар суға түсуге тыйым салынған жерге шомылған»,- деді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті судан құтқару қызметінің жетекшісінің міндетін атқарушы Екатерина Кротова. Айта кетейік, құтқарушылар 14-15 жастағы жасөспірімдердің денесін полиция қызметкерлеріне тапсырған.