jasqazaq.kz

Ақтөбеде облысында ашуға булыққан күйеубала енесін пышақтап тастады

19 мамыр 2017, 19:37

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында отбасылық жанжал кезінде ер адам өз енесін өлтіріп қоя жаздады. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Оқиға 12 наурыз күні Қандыағашта болған. Сот материалдарына қарағанда, 26 жастағы жігіт ішімдік ішіп, ата-енесінің үйінде жанжал шығарады. Ақыры енесімен сөзге келіп, оған асхана пышағы мен ет шабатын балтаны бірнеше рет сермеген.

Ауыр соққы салдарынан кеуде тұсынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылған. Тергеу органдары ер адамға Қылмыстық Кодекстің 106 бабының 1 бөлігімен, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айып тақты.

Заң бойынша, бұл іс-әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алайда сот отырысында жігіт өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келді. Сондықтан оған үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұған қоса ол 120 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда