jasqazaq.kz

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама арқылы берілген тұрғын үйдің шатырынан су кетті (видео)

10 тамыз 2017, 17:07

Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» ауданында 8 ай бұрын пайдалануға берілген тұрғын үйдің құрылысынан кінәрат табылды. Шатырдағы суағар қубырлары дұрыс бекітілмеген.

Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша бірнеше тұрғын үй пайдалануға берілді. 1 желтоқсанда Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторында тізімде тұрған мемлекеттік қызметкер, бюджеттік мекеме жұмысшылары мен әскерилерге тұрғын үй пәтерлерінің кілтін табыс еткен болатын. Арада 8 ай өткенде құрылыстан ақау табылды. «Пәтерді өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы арқылы 20 жылға несиеге алдым. Ай сайын 55 мың теңге төлеп отырмын. Екі бөлмелі пәтерді алу үшін қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторына барып, кезекке тұрдым. Бюджеттік мекеме қызметкері ретінде алдым. Пәтерде 8 айдан бері тұрамын. Жаңбыр жауған кезде төбемізден су ақпайтын еді. Бүгін таңертен жұмысқа кетіп, балаларым үйде қалды. Жаңбыр жауып, пәтерді су алғанда едендегі жаюды жинап, төсекті алып үлгермеген. Тек балалар далаға шығып кеткен. Суды кешіп жүрміз. Құрылыс компаниясы мен қалалық әкімдік қызметкерлері келіп, шығынды өтейтіндерін айтты»,- деді тұрғын Құндыз Ермекбаева. Құрылысты салған «Солерес» компаниясы барлық шығынды өздері өтеуге уәде берді. Пәтерге олар жөндеу жұмыстарын жүргізіп береді, бүгінген, істен шыққан тұрмыстық техникаларды жаңартады. «Шатырда суағарлар бар. Құбырлардың біріккен тұсы дұрыс бекітілмеген, содан кейін сынып кеткен. Біз өз қателігімізді көріп, жауапкершілікті өз міндетімізге аламыз. Пәтерлердің ішіне су толғанын көріп, оларға шығынды өтеуге келісім бердік. Жөндеу жүргіземіз, техникасын жаңартамыз. Екі күнде шатырдағы құбырлар жаңартылады, кейін пәтерде жөндеу жұмыстарын бастаймыз»,- құрылыс компаниясының өкілі Ерлан Тәжіғұлов. Айта кетейік, «Батыс-2» ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің шатырынан аққан су 1 қабатқа дейін жеткен. Құрылыс компаниясы алдымен шатырды жөндеп, су болған пәтерлерді кептіреді, жөндейді.

 

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда