jasqazaq.kz

Ақтөбеде әйелін қатты жақсы көретін 40 жастағы ер адам бала туып беретін тоқал іздейді

29 шiлде 2017, 12:28

Ақтөбе қаласының тұрғыны екінші әйел іздейді. 40 жастан асқан ер адам өзінің әйелімен 10 жылдан аса бірге тұрады. Араларында бала болмаған. Асырап алған қыздары 6 жаста деп хабарлайды NUR.KZ.

«Ағам екінші әйел алғысы келеді. Уақыт өтіп бара жатыр, баласы жоқ. Өзі үлкен қызметтегі адам. Тәрбиелі, көп қылтың-сылтыңы жоқ қыз бала болса, екінші әйел ретінде алғысы келеді. Баласы бар болса да ештеңе етпейді. Бөлек баспана алып беріп, барлық жағдайын жасайды. Тек бала туып берсе болды»,- дейді ағасына әйел іздеген бауыры.

Айтуынша, ағасы мұнай компаниясында басшылық қызметте. Ер адам алдап кетпейтін қыз іздеу үшін арнайы орталықтарға барған.

«Ақтөбедегі дағдарыс орталықтарына хабарласып, тұрақты байланыс үшін қыз іздеп жүргенімізді айттық. Қыздың қазақы болғанын қалаймыз және екінші әйел болуға келісім беретін адам іздейміз. Ағам әйелін тастап кете алмайды. Жеңгеміз жақсы адам, ағам қатты жақсы көреді»,-дейді екінші әйел іздеген туыстары.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда