jasqazaq.kz

Ақтөбеде өгей қызын зорлаған педофил сотталды

27 шiлде 2017, 12:55

Ақтөбеде өгей қызын зорлаған 39 жастағы Палуанов сотталды. Ол Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша айыпты деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбеде облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау қылмыстық ісін жабық есік жағдайында қарады. Бүгін сотталушы Н.Палуановқа қатысты сот үкімі шықты. «Қызылорда облысы, Арал ауданының тумасы сотталушы Н.Палуанов Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол бала тәрбиесі мекемесінде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтесін»,- деді судья Ахметқали Молдағалиев. Айта кетейік, судья А.Молдағалиев Ақтөбе қалалық Елек полиция бөліміне жеке қаулы шығарды. Себебі, сотталушы Н.Палуанов бұған дейін Қылмыстық кодекстің «Зорлау», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері», «Тонау» баптары бойынша күдікке ілінгенімен, тәртіп сақшыларының бақылауынан тыс қалған. Тіпті полиция қызметкерлері Палуановқа қылмыстық айып тағылған кезде оның осал топтағы адамдар тізіміне алынбағаны, алдын-алу шарасы жүргізілмегені белгілі болды. Азаматтық некеде болған жұбайы дене жарақатымен полицияға барғанда Палуанов әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, сол кезде кәмелетке толмаған қыздың денесіндегі жарақат ескерусіз, тіркеусіз қалған. Сот шешімімен сотталушы Палуанов жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге моральдық шығынды өтеуі тиіс. Сонымен қатар, 1 миллион теңгеден астам сот шығындарын төлейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда