jasqazaq.kz

Ақтөбеде дүкендерден «адамның ДНҚ-сы бар» шұжықтарды іздеп жатыр

16 тамыз 2017, 15:50

Адамның ДНҚ белгілері бар ресейлік шұжықтар туралы ақпаратқа қатысты Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті пікір білдірді.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде тараған суретте Ақтөбе облысының құжаты түсірілген, соған сәйкес ресейлік фирманың шұжықтарында «адамның ДНҚ белгілері» табылыпты-мыс. Соған байланысты жергілікті кәсіпкерлерге бұл шұжық түрін айналымға шығармау талап етілген.
Sputnik Қазақстан агенттігіне Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова хабарлағандай, департамент жергілікті нарыққа бақылау жүргізуде.

«РФ-нан әкелінген «Мортадель» өндірісінің екі түрлі шұжық өнімінің сатылу дерегін анықтау бойынша тауар жеткізушілермен жұмыс жүргізілуде. Анықталған жағдайда айналымнан шығарылып, Кедендік Одақтың техникалық регламенті талаптарына сай келуін анықтау мақсатында зертханалық сараптамаға жөнелтіледі», — деп мәлімдеді Дәулетова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оның мәліметінше, ондай шұжықтардың сауда желісіне түскені жайында ақпарат шыққан жоқ.
Бұдан бұрын ресейлік «Мортадель» компаниясының вице-президенті Эльвира Агурбаш айтқандай, бұл айыптау фирманың абыройын түсіру мақсатында әдейі жабылған жала. Ол сараптаманың жалған болып шыққанын мәлімдеп, ол туралы хабар таратқандар кешірім сұрағанын атап өткен.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда