jasqazaq.kz

Ақтөбеде банк қызметкері өзіне 12 миллион теңге аударып алған

09 тамыз 2017, 14:31

Ақтөбеде екінші деңгейлі банк менеджері өз есепшотына 12 миллион теңгені заңсыз аударып алған. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Екінші деңгейлі банк директоры өзіндік қауіпсіздік қызметі арқылы 12 миллионнан астам теңгенің менеджерге аударылғанын анықтап, хабарлама берді. Қазіргі уақытта банктің есеп бөліміндегі 35 жастағы менеджер қаладан шықпау туралы бұлтартпау шарасымен жіберілді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу» бабы бойынша іс қозғалып жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда