Бүгін түсте Ақтөбеде алапат дауыл болды. Қатты дауылдан құрылыс алаңындағы мұнаралы кран құлап, тұрғын үйдің бірнеше балконын қиратып кетті.
Мұнаралы кранның құлауы салдарынан тұрғын үйдегі үш үйдің балконы қирап қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер болмаған.
Оқиға Батыс-2 деп аталатын шағынаудандардың біріндегі құрылыс алаңында орын алған.
Сонымен бірге, қаладағы автотұрақтардың бірінің шатырын жұлып әкетіп, сол маңдағы көліктерге де залалы тиген.
Бұдан бөлек дауыл салдарынан қаладағы түрлі нысандар құлап, қала көшелеріндегі қозғалыс қиындай түскен.
Айта кету керек, Baq.kz сайтының жазуынша, бүгін «Қазгидромет» РМК екі облыста дабылды ескерту жариялаған. «4-5 шілдеде күндіз Атырау облысында, сондай-ақ Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болады», — деп ескертті синоптиктер.
Дождь с градом район клиники Дару
Мұндай қатты дауылды көрмеген тұрғындардың есі шығып, жаппай желіге суреттер мен видео жүктеуде.