jasqazaq.kz

Ақтөбе әкімі Мұстафа Шоқайды беделді азамат деп атады

07 маусым 2017, 16:37

Бүгін Ақтөбе қаласының əкімі Ілияc Испанов журналистерге баспасөз мəслихатын өткізді. Сөзін «білімді, ақылды журналистерге алғыс айтамын» деп бастаған қала əкімі Ақтөбеден ақылды халық тұратын қала жасау үшін жұмыс жасап жатқанын айтты.

БАҚ өкілдерінің əкімге алғашқы сұрағы əлеуметтік желіде дау болған Мұстафа Шоқайдың суретіне қатысты болды.

«Мұстафа Шоқай — алаш азаматы, беделді азамат. Өткен жылы ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты көшелерге ат берілді. Мұстафа Шоқайдың суретінің ілінгенін біз білеміз, салғанын көрдік. Суретті салудың тəртібі бар. Рұқсат алып салу керек. Салынған сурет жаңбырдан кейін зақымданған. Суретке қосымша құжаттар дайындауға дайын едік. Суреттің өлшеміне де байланысты»,- деген қала əкімі Ілия Испанов Мұстафа Шоқайды танитынын да айтты.

«Мен Мұстафаны азамат ретінде мектепте оқығаннан білемін. Мен ғана емес, мемлекет те біледі. Қалаған адам өзінің туысын, қалаған нəрсесін салса не боламыз?!», — деді Ілияс Испанов.

Үнемі ұйықтап қалып желіні шулатып жүрген қала əкімі əр нəрседен жамандық іздемеуді сұрады.

«Ол сурет Мұстафа Шоқайдыкы болғаны үшін өшірілген жоқ. Ол жерде басқа сурет болатын болса, ол да өшірілетін еді. Себебі, оның келісетін жерлері бар. Үйдің қасына шайтанның суретін салып қойса, үндемей отыра береміз бе? Сондықтан астарын іздемеңіздер», — деді Испанов.

NUR.KZ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда