jasqazaq.kz

АҚШ-тың бомбалаушы ұшақтары Солтүстік Кореяға қарай ұшты

24 қыркүйек 2017, 9:59

АҚШ әскери әуе күштерінің стратегиялық бомбылаушы ұшақтары Пентагонның әскери күш қолдана алатынын көрсету үшін Солтүстік Корея жағалауларына жақын барды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

АҚШ қарулы күштерінің B-1B Lancer стратегиялық реактивті бомбылаушы ұшағы жойғыш ұшақтардың қорғауында Солтүстік Кореяның шығыс жағындағы халықаралық кеңістікпен ұшып өтті. Ондағы мақсат президент Дональд Трамптың Пхеньянмен мәселені әскери жолмен шешу мүмкіндігі бар екенін көрсету болған.
Пентагонның баспасөз хатшысы Дана Уайттың айтуынша, бұл американ әскери ұшақтарының 21 ғасырда аталған аймақтағы бейтарап зонаға ең ішкерілей кіруі.

«Бұл КХДР-дің ақылға сыйымсыз әрекеттерін біз бей-жай қалдырмайтынымызды білдіреді. Бұл миссия — АҚШ-тың қатаң қимылдарға баруға дайын екенін және президенттің қолында кез келген қауіпті жоюдың көптеген варианттары бар екенін көрсететін айқын белгі» деді ол.

Дана Уайт сонымен қатар Солтүстік Кореяның қару-жарақ бағдарламасын халықаралық қауымдастыққа төнген қатер деп атады.

«АҚШ-ты және оның одақтастарының территориясын қорғау үшін біз әскери мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға дайынбыз» деді Пентагон өкілі.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяны құртып жібере алатыны туралы айтып, ол екі ел басшыларының бір-бірін тілдеуіне ұласқан болатын.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда