Калифорния шататының Лос-Гатос қаласында Ресейден асырап алған баласын 10 жыл бойы зорлап келген ерлі-зайыптыларға сот үкімі шықты деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.
Басылымының мәліметінше, 73 жастағы отағасы Ральф Флинн мен 44 жастағы Каролин Флинн өз кінәларын мойындап, сотпен келісімге келген. Сөйтіп ер адам 24 жылға сотталса, әйелі 12 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ральф Флинн ұл балаға тоғыз жасынан бері қорлық көрсетіп келе жатқанын, ал әйелі күйеуінің арсыз әрекетіне асырап алған баласы 15 жасқа толғанда қосылғанын жайып салды.
Санта-Клара округі прокурорының орынбасары Оан Транның айтуынша, зорлыққа ұшыраған бала қазір қалыпты өмір сүріп жатыр.
«Оның дос қызы, жұмысы мен тұратын жері бар», — дейді Тран.
Прокурордың сөзінше, айыпталушылар сотпен мәмілеге келгендіктен Деннис сотта куәлік етпеген.