jasqazaq.kz

Ә.Молдағұлованың туған жерінде «Әлия» әні шырқалды (видео)

05 мамыр 2018, 12:06

Роза Рымбаева қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жері Ақтөбе облысының Қобда ауданында атақты «Әлия» әнін шырқады.
Tengrinews.kz  хабарлағандай, Қазақстанның халық әртісі Ақтөбеге 4 мамырда ұшып келді де, бірінші кезекте Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған жері — Қобда ауданындағы ауылға аттанды. Бір кездері ақын Бәкір Тәжібаев пен композитор Сейдолла Бәйтереков әндерін дәл осы қазақтың батыр қызына арнаған еді.

«Роза Қуанышқызы Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына келе алмады, бірақ, осы жолғы сапарын Қобда ауданындағы Әлия ауылынан бастады. Бұл қасиетті жер», — дейді Роза Рымбаеваның Ақтөбедегі концертін ұйымдастырушы Жанаргүл Досова. Әлия ауылында Роза Рымбаева Кеңес Одағы батырының музейін кіріп-шықты, ауыл тұрғындарымен кездесіп, жергілікті мешітте де болды. Кейін Қобда ауылындағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындар үшін қайырымдылық концерт беріп, атақты «Әлия» әнін шырқатты. «Әлия» композициясына биыл 41 жыл толады. 1977 жылы Болгарияда өткен «Золотой Орфей» фестивалінде Роза Рымбаева «Әлия» әнімен байқаудың гран-приін иеленген болатын. Қазақ тіліндегі ән КСРО бойынша бірден танымал болды.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр