Ақмолада тоғызыншы сынып оқушысы мектептегі емтихан қарсаңында өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 31 мамыр күні Целиноград ауданы, Талапкер ауылында болған.
“9-сынып оқушысы үйінде емтиханға дайындалған. Ата-анасы Астана қаласында жұмыста болыпты. 2004 жылы туған кіші сіңлісі мектептен соң үйге келіп шкафта асылып қалған әпкесін тауып алған”, – деп хабарлады полиция.
Қазіргі кезде арнайы сараптамалар тағайындалды. Қыздың ауқатты отбасының мүшесі екені хабарланып отыр.