jasqazaq.kz

Ақмолада мүгедек жолаушы таксисті тонап кетті

18 тамыз 2017, 16:23

Ақмола облысында такси жүргізушісінің ақшасын үптеп кеткен мүгедек ер адам ұсталды. ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылғы 15 тамызында Бурабай ІІБ кезекшілік бөліміне 62 жастағы такси жүргізушісі арызданған.

Арызданушының сөзінше, көлігімен жүріп келе жатқан оны жол шетінде тұрған бейтаныс мүгедек ер адам тоқтатқан. Кейін ер адамды отырғызып алып діттеген жеріне тегін жеткізіп салмақ болған. Алайда, жүргізуші жол бойындағы жанар-жағар май құю стансасына аялдап, көлігінен шығады. Сол сәтті күткендей жолаушы жүргізушінің әмияны мен ұялы телефонын жымқырып үлгереді. 62 жастағы такси жүргізушісі оны байқамай күдіктіні айтқан жеріне жеткізіп салады. Кейін үйіне барғанында өзінің тоналғанын бірақ біледі. Зардап шегуші бірден полицияға хабарлайды. Шығын көлемі 205 000 теңгені құрады. «Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары Щучинск қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді», — деді полицейлер. Қазіргі кезде күдікті қылмысын мойындады, оның үстінен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда