jasqazaq.kz

Ақмола облысында сот төрайымы өлі табылды

14 маусым 2017, 10:47

Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқа төрайымы Жанна Бардіқұлова өлі табылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Бердіқұлованың мәйіті 13 маусымда табылған, өлімге себеп қылғындыру болған. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталды. «Күдікті бірнеше рет істі болған, соның ішінде адам өлтіргені үшін де. Ол үшін 2006 жылы сотталған. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады Ақмола облысының ІІД өкілдері. Марқұмның әріптестері оның жақындары мен таныстарына көңіл білдіріп жатыр. Жанна Бердіқұлова небәрі 46 жаста болған. «Бүгін керемет адамнан айырылдық! Басты сөз — адам! Ол тамаша адам, тамаша әйел, отбасының сүйікті қызы… «Болған» деген сөзді жазу ауыр екен. Ал ол қандай судья еді. Ол біздің жұмысымыздың барлық қырын танитын. Ол еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастады. Ол туралы өткен шақта жазған өте қиын… Оны жеке танитынмын… Ол үнемі жас судьяларға көмектесетін, БАҚ-қа сұхбат беріп жүрді…. Ал өткен съезде тамаша сөз сөйледі! Ол істі қарауды жеңілдету мәселесін көтерген! Небәрі 46 жаста еді! Өз ісіне жаны ашитын», — деп жазыпты Жоғарғы сот судьясы Елена Максюта. Әріптестерінің мәліметі бойынша, Жанна Бердіқұлова Алматыда жерленеді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда