jasqazaq.kz

Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды

24 мамыр 2017, 11:36

Ақмола облысында соққан қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырып, автокөліктерге зақым келтіріп, ағаштарды жұлып әкетті.

22 мамыр күні жедел қызметтер дабылды ескерту жариялаған болатын: 23 мамырда түнде желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 25 м/с дейін болады де күтілген.

23 мамырда бүкіл облыста үш рет қауіпті метеорологиялық құбылыс орын алды. Атбасарда күндіз сағат үштен соң қатты дауыл салдарынан бес қабатты тұрғын үй мен «№1 өнеркәсіптік-техникалық колледждің» төрт қабатты ғимаратының шатыры бұзылды.

Степногорда кешкі сағат бес жарым кезінде жылдамдығы 30 м/с жел «Жұлдыз» жаздық мейрамханасының шатырын құлатты, салдарынан үш жеңіл көлікке зақым келген.

Атбасар ауданы Новосельское ауылында кешкі сағат тоғыз шамасында қатты жел орта мектептің шатырын ұшырып әкеткен, сондай-ақ 16 су ағызғышқа зиян келген.

Барлық оқиғада зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

 

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда