jasqazaq.kz

А.Есімов: ЭКСПО-ны өткізу шикізатқа тәуелділіктен арылуға септігін тигізеді

27 мамыр 2017, 15:42

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарапайым отандасымызға, маманға, әсіресе жастарға технологиялық тұрғыда көп мүмкіндік ашады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов zakon.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.
Басқарма Төрағасының айтуынша, мұнай мен шикізат ресустарының бағасы түскенде, елімізге оны экспорттау тиімсіз болады. «Президенттің көрмеге «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдауы, осы сөзімнің айқын дәлелі. Бүгінгі таңда шикізат мемлекеттері құбылмалы мұнай бағасына тәуелді болып отырғанын көріп отырмыз. Елбасы шикізатқа тәуелді болмау керек екенімізді бірнеше рет айтты. Менің ойымша, Астанада осындай көрменің өтуі бұл бағытқа үлкен серпін береді»,- дейді А.Есімов.
Өткен жылы көрмеге қатысуға ниет білдірген елдің саны бар-жоғы 30 болған. Ал бүгінгі таңда оның саны 115 елге жетті. А.Есімов «Күн сайын бізде павильон өкілдері баспасөз-мәслихатын өткізеді. Олар болашақ энергиясы туралы кеңінен тоқталады. Яғни ол елдер де бұл салаға қатты қызығушылық танытып отыр. ЭКСПО еліміздегі мамандар, қарапайым азаматтар сондай-ақ жастардың қайта қалпына келетін энергия саласында бағдарлама жасауына жол ашады», — дейді.
Басқарма Төрағасы сөз барасында өткен жылы отандық өнертапқыштар арасында байқау өткенін де айтты.
«Біз мұндай қызығушылық болады деп ойламадық. Бір айдың ішінде 200-ден астам жұмыс түсті. Басым бөлігінің патенті бар. Бұл көрме тек қайта қалпына келетін энергия саласында емес, елімізде жалпы технологияның дамуына септігін тигізеді. Президент осының бәрін алдын ала болжай білді»,- дейді А.Есімов.
Сондай-ақ ол, 1993 жылы Кореяде өткен ЭКСПО көрмесі Дэдок (Дэдок Иннополис) ғылыми қалашығының дамуына септігін тигізгенін тілге тиек етті. Жапониядағы «Кремний аралы», Париж және Греноблдегі инновациялық қалашық. Жалпы технологиялық экономикасы бір жолға қойылған елдерде осындай орталықтар бар.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда