jasqazaq.kz

А.Есімов: ЭКСПО-2017 — дағдарыс кезеңіндегі ұтымды жоба

07 тамыз 2017, 13:41


ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі еліміздің экономикалық тұрғыда дамуына септігін тигізуде. Статистикалық мекемелердің дерегіне сүйенсек, Астананың өзінде экономикалық барлық саласында көрсеткіштің өскенін байқап отырмыз.

Үйдің өту көрсеткіші 30 пайызға, тауар айналымы 30 пайызға, сауда ойын-сауық кешеніне адамдардың баруы екі есеге өскен. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжат Есімов көрмеге екі миллионшы қонақ келгенде ұйымдастарылған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Басқарма төрағасының сөзіне сенсек, бұл халықаралық шараға қыруар қаржы жұмсалды. Дегенмен көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылығын арттырып, ауқымды жоба ойдағыдай жүзеге асуда. А.Есімов «Президентіміз айтқандай, ЭКСПО көрмесі мемлекетіміздің өркендеуіне жан-жақты әсер береді. Туризм саласы жандана бастағаны байқалады. Ауерейс саны көбейтілді. Күніне 7000 адам Астанаға ұшып келуде. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Маусым айында қызмет көрсету саласынан түскен салық көлемі екі жарым есеге ұлғайған. Бұл дегеніміз экономиканың барынша жанданғанын көрсетеді»,- дейді.

Ахметжан Есімов мырза ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін халыққа толыққанды есеп біріліп, нәтиже шығарылатынын айтты. Басқарма төрағасы бүгінде алға қойған мақсаттың үштен екісін орындалды деп отыр. Оның айтуынша, әрбір отандасымыз ЭКСПО көрмесінің жетістігімен мақтануы тиіс. Өйткені көрме Елбасы атап өткендей, мемлекет үшін осындай дағдарыс кезеңінде ұтымды жоба болды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда