Ақбота Сейтмағамбет инстаграм желісіндегі тікелей эфирде сүйіктісіне балаларымен араласуға кедергі жасамайтынын айтты.
Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Желідегі тікелей эфир кезінде әнші қасының табиғатынан қалың екенін айтып мақтанды. Мұнымен қатар, көңіліне жақпаса да, “Басқа күйеу таппадың ба? Біреудің отбасында нең бар? Саған бола үш баланы тастауға мәжбүр болды” деген сауалға жауап берді.
“Сіздерге осы нәрсені түсіндіріп көрейінші. Біріншіден, біреудің байын тартып алатындай ол маған ойыншық емес. Қазақта “әйелді тастау” деген сөз бар, бірақ “баланы тастау” деген сөз жоқ. Әйелін тастаса тастаған шығар, ал балаларын тастаған жоқ. Шынымды айтсам, балаларын тастатқызбаймын да. Сіздерді түсінбедім. Баланы тастау деген – сұмдық нәрсе ғой. Барлығы әркімнің ойлау қабілетін байланысты”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.
Мұнымен қатар, әнші баласының болашағына араласпайтынын айтты. Яғни оны қалаған саласына жіберуге әзір екенін жеткізді.