«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 2017 жылы барлық көздер есебінен 484,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 2017 жылы барлық көздер есебінен 484,2 миллиард теңге бөлінген. 1 шілдеге дейін оның 126,5 миллиард теңгесі игерілді. Бірінші бағыт көліктік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымды дамыту. 22 негізгі республикалық маңызы бар автожол жобаларын іске асыруға 2017 жылы Ұлттық қордан және республика бюджеті қаражаты есебінен 259,8 миллиард теңге көзделген. Оның 1-шілдеге дейін 51,5 миллиард теңге игерілді. Сонымен қатар қосымша халықаралық қаржы ұйымдарынан 96,4 миллиард теңге қарыз тартылған. Оның ішінде бүгінде 13,2 миллиард теңге игерілді», — дейді министр.
Сондай-ақ, жаңадан салынатын және күрделі жөндеу жұмыстары үшін 109 білім мекемесіне 71,7 миллиард теңге бөлінген екен.