jasqazaq.kz

8 жасар қостанайлық бала сыныптасын құтқарамын деп суға кеткен

13 шiлде 2017, 19:16

Қостанайда суға батып кеткен 8 жасар Игорь Коцкийдің өліміне қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Baq.kz alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай прокурорының орынбасары Мұрат Оспанов мәлімдегендей, бала сыныптас қызды құтқарамын деп суға кеткен. Мұны өзен маңында жүрген басқа балалар көріпті.

Белгілі болғандай, бір топ бала суға шомылуға барған. Өзен жағасында ойнап жүрген.

«Игорь сыныптасымен бірге өзге балалардан ұзап кетеді.Ол жердің ағысы қатты екен. Екеуі де суға бата бастайды. Игорь қызды құтқару үшін оны жағаға қарай итеріп жіберген. Қыз бұтаққа ілініп, аман қалды. Ал Игорь Коцкий суға батып кетті. Ол бала ерлікпен қаза тапты деуге болады», — дейді Мұрат Оспанов.

Прокурор орынбасарының айтуынша, қыз бала қатты қорыққаннан бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармаған. Әжесі мән-жайды үйге полицейлер келгенде бір-ақ біліпті.

Естеріңізге салып өтсек, Қостанай қаласында ойнап жүріп туыстары көз жазып қалған 8 жасар Игорь Коцкийді жергілікті құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен еріктілерден құрылған арнайы топ 8 күн іздеген болатын. Содан бері хабарсыз кеткен баланың мүрдесі 11 шілде күні Тобыл өзенінен табылды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда