Алматыда автобус өртенді. Өрт Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған.
«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 10.26-да автобустің өртеніп жатқаны жайлы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 10.36-да барды. № 106 автобустың мотор бөлігінде 0,5 шаршы метр аумақты қамтыған өрт болды. Эвакуация болған жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.