jasqazaq.kz

62 жастағы әйел есірткі саудасымен айналысқан

23 сәуiр 2018, 11:45


Ақмола облысының Шортанды ауданында ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан зейнеткер ұсталды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, полицейлердің дерегі бойынша, 62 жастағы әйел 18-ші сәуір күні Дамса ауылында қолға түскен. «ІІД Есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері қарияның 2,4 грамм есірткі (героин) саудалағанын бірнеше апта бұрын анықтаған. Бұл ірі көлем болып саналады. Осыған байланысты қарияның үйін тінту кезінде екі тағы бума есірткі заты табылды. Қазіргі кезде тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Содан кейін ғана оның салмағы және есірткінің қай түріне жататыны анықталады», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук. Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлімі бойынша соталды өндірістік іс қозғалды. Егер қарияның қылмысы дәлелденсе онда ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр