Зеленов аудандық №2 соты көші-қон заңнамасын бұзған Армения Республикасының азаматшасына қатысты әкімшілік іске нүкте қойды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Приурал полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде облыс аумағына 2011 жылы келіп, содан бері ішкі істер органдарында тіркелмей, тұрып келе жатқан шетелдік азаматшаны анықтаған. Көші-қон заңнамасына сәйкес келген адам күнтізбелік 5 күннен кейін ел аумағынан шығып кетуі немесе тіркелуі тиіс. Армениялық азаматша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екендігі ескеріліп, оған 10,5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.