jasqazaq.kz

58 келі есірткінің жолы кесілді

23 қантар 2018, 12:19

Жамбыл облысында ірі көлемде марихуана тәркіленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 21 қаңтарында сағат 18.30-да Жамбыл облысының ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаментінің, ШҚО ІІД Есірткі бизнесімен күрес департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Тараз қаласы Желтоқсан көшесі бойында Opel маркалы көліктің 48 жастағы жүргізушісі ұсталды. Оның жүксалғышынан ішінде жалпы көлемі 58 келіден асатын кептірілген марихуана бар қытайлық екі сөмке тәркіленді»,- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер. ІІД мәліметінше, ұсталған ер адам осыған дейін сотты болмаған, үйленген, екі баласы бар. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта Тараз қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») қылмыстық іс қозғалды.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды