Алматы облысында өз баласын 400 мың теңгеге сатпақшы болған көрші ел азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды аудандық ІІД баспасөз қызметі.
Жедел ақпарат келіп түскеннен кейін тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді қолға түсіріпті.
Шетелдік азаматшаны бала сатуға әрекеттеніп жатқан жерінен ұстаған. Безбүйрек ананы қамауға алған соң, сәбиді Балалар үйіне жіберді.