Италиялық Лаура Меси 70 адамға арналған үйлену тойын ұымдастырып, өз-өзіне тұрмысқа шықты. «Қалыңдық» ақ көйлек киген, үш қабатты үйлену тойы тортын қойған — бәрі нағыз үйлену тойындағыдай, тек күйеу жігіт жоқ.
«Мен біздің әрқайсымыз ең алдымен өзімізді жақсы көруіміз керектігіне нық сенімдімін. Ғажайып ертегіні ханзадасыз да жасауға болады», — дейді фитнес-жаттықтырушы болып істейтін 40 жастағы Лаура Меси. Лаураның «күйеуге шығуы» заңдық күшке ие емес. Алайда оның әрекеті — жаңа беталысқа бағыт алғандай. Мұндай қалыңдықсыз немесе күйеу жігітсіз өткізілетін «жеке-некенің» бастамашылары шараның өзіңді жақсы көруге және өз-өзіңді қабылдауға, үйленген жұптар сияқты қоғамдық құрметке ие болуға арналғанын айтады.