jasqazaq.kz

40 градус аязға байланысты кей мектептерінде сабақ тоқтатылды

22 қантар 2018, 10:08

Аязға байланысты еліміздің қай облысында сабақ тоқтатылады?

22.01.2018 жылы Ақмола облысында қатты аяз. 1-11 сыныптарға сабақ болмайды», – делінген 112 қызметі таратқан смс-хабарламасында.

Осындай хабарламаны өңір тұрғындарына Павлодар облысының Төтенше жағдай ведомствосы да таратты. «22.01.2018 жылы Павлодар облысында минус 40 градусқа дейін қатты аяз. 1-11 сыныптарда сабақ болмайды», – делінген онда.

Солтүстік Қазақстан облысында дүйсенбі күні 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. 112 қызметі 22 қаңтарда өңір аумағында 30 градус аяз болатыны туралы хабарлама жіберді. Хабарламада 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайтыны айтылған. Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттері оқымайды.

«Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды, 2018 жылғы 22 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттері үшін сабақ болмайды», – деп жазды қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

19 қаңтар күні синоптиктер Қазақстан аумағымен арктикалық антициклондардың өтуіне байланысты бірқатар өңірде қатты аяз күтілетіндігін ескерткен болатын. «22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35-40 градустық қатты аяз күтілуде. 24-26 қаңтар күндері кей жерлерде -45 градус, күндіз -27-32, жекелеген аумақтарда -35 градус қатты аяздар болжанады», – делінген таратылған хабарламада. Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38, күндіз -20-25 градус қатты аяз болуы ықтимал. Астанада 23-26 қаңтар күндері түнде -35-40, күндіз -27-32 градус аяз болады.

stan.kz

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды