jasqazaq.kz

35 мың адам Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған

03 қантар 2024, 15:07

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі жылды қорытындылады, деп хабарлайды kaz.inform.kz. Шекара кеңістігінде Қазақстан заңын бұзған 35 487 адам ұсталған, соның ішінде 1094 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз нәрсе өткізудің 8 026 фактісі тіркелді.
Оның ішінде:
444 — есірткі, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;
389 — қару-жарақ пен оқ-дәрі (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
279 — діни әдебиет (7 103 дана);
3 112 — жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
2 986 — жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
816 — жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактісінің алды алынды.
Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактісі тіркелді.
Сондай-ақ жалпы ұзындығы 738 км браконьерлік аулау құралдары, 3 463 дана (20 276 кг) бекіре балығы, 45 332 дана (67 899 кг) ұсақ балық, 23 250 дана (10 238 кг) шаян тәркіленді.
Алды алынған залал сомасы — 7 млрд теңгеден асады.
Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?