Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатта мәлім етті.
«Көш жүре түзеледі» демекші, атажұртқа асыққан ағайындар көші түзелді деуге болады. Оған 2015 жылдың соңында қолданыстағы көші-қон туралы заңнамаға түзетулер енгізіліп, оралмандарға Қазақстан азаматтығын беру рәсімінің айтарлықтай жеңілдетілгендігінің оң ықпалы тиді. Соның нәтижесінде 2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 қандасымыз тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алған. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 7 еседей көп.