jasqazaq.kz

3 әйелді пышақтап өлтірген күдікті әрекетін түсіндіре алмай отыр

04 сәуiр 2018, 17:16

Алматыда үш әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталған Замалдин Палтуев қылмыс жасағанын мойындады, істеген ісіне өкінеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Палтуевтың қорғаушысы Дін-Мұхамед Нарымбетов айты.

Оның айтуынша, 34 жастағы күдікті өзінің қылмыс жасағанын мойындады. «Тергеу кезінде Палтуев үш әйелді өлтіргенін толық мойындап, істегеніне өкініш білдірді. Сотталушы өзінің қандай мақсатпен әрекет еткенін әзірге түсіндіре алмай отыр. Жапа шеккендердің туыстарымен келісу туралы әңгіме мүлде жоқ. Себебі бұл өте ауыр қылмыс. Кешірім беретініне үміт жоқ» — деді адвокат. Замалдин Палтуев ҚР ҚК 5-бабы бойынша айыпқа тартылып отыр. Оның ішінде адам өлтіру, тонау, өртеу қылмыстары бар. «Ол аталған кодекстің 4-бабы бойынша өз кінәсін мойындап отыр. Бір бап бойынша келіспеушілігі бар. Яғни, ҚР ҚК 99-бабы — адам өлтіру бойынша ғана өмір бойы бас бостандығынан айрылу жазасы қарастырылған», — деді ол. Айта кету керек, сот медициналық сараптама нәтижесінде Палтуевтың психикалық денсаулығында ауытқу жоқ екендігі анықталды. «Қылмыс жасау кезінде ол мас болған. Бірақ, бірқатар БАҚ-та хабарлағандай, әйелдердің ішкі органдары ойылып алынбаған. Мен тергеу материалдарымен танысып шықтым. Онда тек пышақ сұғылған кесілген жаралары туралы ғана ақпарат бар. Әйелдердің денелері бөлшектенбеген», — деді қорғаушы.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр