Элизабет Фритцль туған әкесінен зорлық көріп, өмірінің 24 жылын жертөледе өткізген. Оны өзінің әкесі осы уақыт аралығында зорлап келіпті. Қамауда отырған жылдар ішінде Элтзабет әкесінен 7 баланы дүниеге әкелді деп хабарлайды fb.ru cайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Бұл жантүршігерлік оқиға Австрияның Амштеттен қаласында орын алған. Элизабеттің трагедияға толы өмірі туралы әлем халқы 2008 жылы ол бостандыққа шыққанда біледі.
Элизабеттің тұтқыннан шығуына 19 жастағы үлкен қызы Керстиннің ауыр ауруы себепші болған. Әбден қажып, өлуге шақ қалған қызды емханаға туған атасы әрі әкесі– Йозеф Фритцль әкеледі.
Дәрігерлерге оның анасы көмек сұрап, хат жазған. Керстинді қараған дәрігерлер атасының біртүрлі әрекетінен күдіктеніп, полиция шақырған.
Еркіндікке шыққан кезде Элизабет Фритцль 42 жаста болған. Әйелдің өзі берген мәлімдемесіне сүйенсек, оны 11 жасында туған әкесі зорлайды, ол бөлмеден қашып шықпақ болғанда, әкесі жертөлеге апарып, қамап қояды.
1984 жылы қатыгез әке қызын біржола жертөлеге қамайды. 24 жылдың ішінде ол әкесінен 7 баланы дүниеге әкелген. Оның үшеуін әкесі өз тәрбиесіне алып кетсе, қалғандары Элизабетпен бірге жертөледе отырады.
Балалардың біреуі дүниеге келе салысымен көз жұмады оның денесін Йозиф үйінің ауласында өртеген.
Оның көршілері қыздың анасы Роза-Марияның күйеуінен қатты қорқатынын айтқан. Элизабеттен бөлек, олардың жеті баласы болыпты. Ер адам құрбанын өз шеберханасының жертөлесінде ұстаған.
Осы уақыт аралығында Элизабет Фритцльдің туыстарына әкесі оны діни сектаға кіріп кетті деп айтқан. Йозефтің үйге кішкентай сәбилерді әкелгені Роза-Марьяны еш ойландырмаған сияқты. Үйде аяқ астынан үш баланың пайда болғанына әлеуметтік қызметкерлер де қызығушылық тудырмаған.
Дәрігерлер Фритцльдің психикалық ауруға шалдыққанын анықтайды. Ол кішкентай кезінен анасының аяусыз таяғын жеп өскендіктен, зорлық-зомбылыққа жақын болған. Қатыгез әкені сот 15 жылға бас бостандығынан айырды.