jasqazaq.kz

2025 — «Жұмысшы мамандықтары жылы»

02 қыркүйек 2024, 18:12

Жолдауға — қолдау 

Қыркүйек келсе, қазақстандықтар ел Президенті Қ.Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауын күтеді. Тың идея, тосын жаңалықтардан үміт етеді. Бүгін де Президентіміз өз Жолдауында бірқатар саладағы жеңістер мен жетістіктерді тізбелеп, саралап берді.
Мен үшін Қазақстан таза, қауіпсіз әрі әділетті мемлекет бағытын ұстанады деген сөзі ұнады.
Тізбелей берсең көп, әрине. Дейтұрғанымен, келер жыл — қарапайым еңбек адамының жылы болады дегені сөзсіз дұрыс шешім. Біздің елде «Бәке» һәм «Сәке» дегенді мүлдем ысырып, таза еңбектің арқасында ғана биікті бағындыруға болады дегенге өзіміз сенгеніміз абзал. Қоғамдағы еңбек адамына құрмет көрсетуден басталады бәрі. Президент не дейді?
— Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді,- дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Осы тұрғыда баса айта кеткен жөн, Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» басылымы әр жаңа нөмір сайын аудандағы қарапайым еңбек адамдарын дәріптеуді, елге танытуды қолға алған. Оның қатарында жас кәсіпкерлер, электрик мамандығын игергендер, құрылыста жүріп нан тауып жүрген жерлестеріміз бар. Президентіміздің тапсырмасы Теректіде орындалып жатқаны осының көрінісі іспетті.
Жолдауда талқыға түсер тұстар көп. Бірақ мені ең қатты қуантқаны — еңбекке деген құрмет!

Әділет Орынбасаров,

қоғам белсендісі

 

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр