2020 жылдан бері 425 бала тамақтан уланды

07 желтоқсан 2023, 15:12

Сенатор Ақмарал Әлназарова Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында мектептерде балаларға берілетін тамаққа қатысты мәселені көтерді.
Сенатордың айтуынша, балалар арасында анемияның таралуы 58 пайызға жеткен, А дәруменінің тапшылығы – 23 пайыз. Балалар арасында жұқпалы емес созылмалы аурудың көбеюі байқалып отыр.
«Білім беру мекемелерінде тамақтануға байланысты сырқатқа алып келген жағдайлар көбейген. 2020 жылдан бері мектеп жасындағы 425 бала тамақтан улану салдарынан зардап шекті. Негізгі себептер ретінде асхана қызметкерлері арасында ішек инфекциясының болуы, медициналық тексеруден өту туралы құжаттарды қолдан жасау, объектіде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, азық-түлікті сақтау және өткізу шарттарының бұзылу жағдайы анықталды. Бүгінде елімізде 7 381 мектеп жұмыс істеп тұр. Күн сайын бір жарым миллионнан астам бала тамақтанады және олардың саны көбейіп келеді. Сондықтан балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету шараларын күшейту керек», — деді А. Әлназарова.
Сонымен қатар депутат мектептердің 20 пайызында ғана бірыңғай тамақтандыруды ұйымдастырудың қолданыстағы стандарттары жүзеге асқанын атап өтті. Қазіргі кезеңде әртүрлі жастағы оқушыларды тамақтандыруға арналған мәзірді қалыптастыруда біркелкі әдіснама жоқ.
«Әрбір үшінші мектеп асханасында кәсіби білімі жоқ аспаздар жұмыс істеп жатыр. Білім беру ұйымдарында таза ауыз суға қол жеткізу әлі де проблема күйінде қалып отыр. Мектеп оқушыларының 68 пайызы үйден су әкеледі, шамамен 30 пайызы мектепте су сатып алады. Мектепте ауыз сумен қамтамасыз ету балалардың тәтті сусындарды ішуін азайтады», — деді сенатор.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу