jasqazaq.kz

19 жастағы жігіт 300 келілік «Қажымұқанның тасын» көтерді

22 тамыз 2017, 10:15

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі, ақсулық Әміре Бағұстар елордалық этноауылда өткен «Тас көтеру» жарысының жеңімпазы атанды.

Зілдей ауыр тасты көтеру үшін еліміздің әр түкпірінен қара күш иелері жиналды. Ересек азаматтар бағындыра алмаған ауыр тасты 19 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны көтеріп алды. «Мен бұл тасты көтеретініме толық сенімді болдым. Бастысы, тасты дұрыс ұстап, техниканы дұрыс жасау», — деді жеңімпаз. Айта кетейік, салмағы 300 келідей болатын тасты Астанаға Баянауыл даласынан алып келген. Дәл осы жерде атақты балуан Қажымұқан тасты қолында ұстап, қара күш иесі екендігін дәлелдеген. «Біз мұндай жарыстарды қазақ елін әлемге танытқан рухты батырларымызыға құрмет көрсету мақсатында өткіземіз. Осындай жарыс үшінші рет өткізіліп отыр, алайда тасты жерден көтере алған адам биыл ғана анықталды», — дейді Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев. Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жеңімпазды құттықтап, Әміре Бағұстарға жаңа теледидарды сыйға тартты.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда