jasqazaq.kz

Мәскеудегі қайғылы оқиғаға байланысты жедел желі іске қосылды

23 наурыз 2024, 1:02

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін Мәскеу уақытымен 20:00-де белгісіз біреулер Красногорск түбіндегі «Крокус Сити Холл» ғимаратында оқ жаудырды.

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта 40 адам қаза тауып, 100-ден астам адамның жараланғаны белгілі болды.

Ғимараттың шатыры құлап, өртеніп жатыр.

JQ-Aqparat

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?