Өскеменде көлік тұрағында 16 жастағы қыз үш жасар баланы қағып кетті. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ilove_ukg парақшасынла жариялады. Әлеуметтік желілерде куәгерлер бұл жағдайдың анасы кәмелетке толмаған қызына көлік жүргізуне рұқсат бергенінен кейін болды.
Жол апаты 22 маусымда шамамен сағат 17.00-де болған. «Шамамен сағат 16.30-да кәмелетке толмаған 2002 жылғы қыз «Киа Рио» көлігінің тізгінінде отырып, Сәтбаев даңғылындағы көлік тұрағында артқа жүріп, көлікті басқара алмай, 2015 жылғы баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Өскеменнің ІІБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!