jasqazaq.kz

15 жасар оқушы он бірінші көлігін ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсті

15 желтоқсан 2017, 10:23


Алматыда 15 жасар оқушы он бірінші көлігін ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсті. Өңкей «Маздаларға» қырғидай тиген жеткіншек бесіктен белі шықпай жатып қылмыстың қыр-сырын меңгеріп алған, деп жазды ktk.kz.

Көшеде кетіп бара жатқан көлік «Боран» патрульді полициясының назарына ілігіпті. Тоқтатайын десе, газды басып, тұра қашыпты. Бірақ, жол жиегіне соғылып, дөңгелегі жарылып, тұрып қалған. Сұрастыра келсе, осындай қылмысы үшін бұрын да бірнеше рет ұсталған болып шықты. Тіршілік нәпақасымен үй көрмейтін ата-анасы болса бала тәрбиесіне салақ екен. Ал полицейлер біреулер жеткіншекті қылмысқа әдейі итермелеуі мүмкін деп отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі:

-Алатау ауданы бойынша деректерді тексере салысымен, қасында бір ересек бала болуы мүмкін деген бір болжамымыз бар . Оны біз қатты тексеру үстіндеміз. Бұны біз анықтаймыз, жіті тексерудеміз. Қасында кім екенін әлі де айтып жатқан жоқ.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды