jasqazaq.kz

15 жасар баланы ағасының жесіріне үйлендірген

15 желтоқсан 2017, 17:29


Үндістанда 15 жастағы бозбаланы ағасының жесіріне үйленуге мәжбүрлеген. Жас жігіт туыстарының айтқанын орындаған соң, бірнеше сағаттан соң өзіне қол салған.

Бұл туралы ағылшын басылымы The Daily Mail-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Махадев Дас орта мектептің білімгері, жасы небәрі 15-те. Ал оның жары, яғни ағасының жесірі Руби Деви 25 жаста. Екі жастың үйлену тойы Үндістанның Бихар штатында болған.

2013 жылы ағасы қайтыс болған соң, жақындары Махадевті өз жеңгесіне үйленуге итермелеген.

Бозбаланың әкесі, 80 жастағы Чандрешвар Дастың айтуынша, бозбала өзіне ұлындай қараған жеңгесіне үйленгісі келмепті.

Қарияның айтуынша, ұлы қайтыс болған соң жесір қалған Девидің отбасы жасау ақшасын қайтарып беруді талап еткен. Тіпті, болмаған жағдайда Девиді екінші ұлдарына тұрмысқа беруді сұраған.

“Олар маған қысым көрсетті. Не ақшаны қайтар, не қызымыз екінші ұлыңа тұрмысқа шықсын деді”, – деп түсіндірді Дас.

Жергілікті полиция бұл істі тергеуге алған. Кәмілеттік жасқа толмаған баланы үйлендірген отбасы жауапқа тартылуы мүмкін. Үндістанда балаларды үйлендіруге қатаң түрде тыйым салынса да, жергілікті халық ертеден келе жатқан бұл үрдісті әлі күнге дейін ұстанады. Алайда көп жағдайда үндістер қыздарды ерте бастан тұрмысқа береді. Бұл елдің заңына сәйкес, некеге тұру үшін ердің жасы 21-ден, ал қыздың жасы 18-ден асқан болуы керек.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды