49 жастағы Элизабет Эдвардс пен 13 жастағы Кэтиді өз үйлерінде ұйықтап жатқан кезде өлтіріп кеткен.
Тергеу дерегі бойынша қайтыс болған әйелдің қызы Ким мен оның жігіті Лукас Маркхэм осындай қанды қол қылмысқа барған. Қылмыстан соң олар секспен айналысып, түрлі тәттілер жеп, бассейнге түсіп рахаттаныпты. Сол уақытта екі жасөспірімнің де жасы 14-те болған екен.
Кимнің айтуынша анасы көбіне кіші сіңлісін жақсы көріп, соған баса назар аударған. Бұл алтыға толған кезде теледидар көргені үшін анасы оның бетінен ұрып тастаған. Сол уақыттан бері Ким анасының өзіне жасаған әрекетін ұмыта алмай жүріпті.
Және анасы Кимнің жігіті Лукасты да жақтырмай, үнемі кемсітіпті. Лукас бұзақы болған, бірақ қызды үнемі қолдайды екен.
“Мені үнемі депрессияға түсіретін анамның жүзіндегі проблемадан құтылдым. Құдды жеңілдеп қалғандаймын. Мен өкінбеймін”, – дейді Ким Эдвардс.
Бір жолы Лукас әзілдеп Кимге “анаңды өлтірейік” деп ұсыныс айтады. Бірақ, Ким бұл ұсынысты шын қабылдап, келісе кеткен. Жасөспірім қыз ас үй пышағын қолына алып терезе арқылы сіңлісінің бөлмесіне кіріп әуелі анасын, сосын бауырын пышақтаған.
Сот екі жасөспірімді де жасаған қылмыстары үшін 17 жылға бас бостандықтарынан айырды.