jasqazaq.kz

12 жастағы мектеп оқушысы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты

27 мамыр 2017, 19:13

Павлодар ауданындағы Ефремовка жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Азамат Жолдасбек қарындасын құтқарып қалып, өзі ажал құшты деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жеткіншектің нағашы әпкесі Нұргүл Уахитованың айтуынша, 21-мамыр күні таңертең Азамат алты жастағы інісі Алдиярмен бірге мал бағуға кеткен. Кешке үйге келгенде анасы әзірлеп қойған тамақтан бас тартып, қарындасы Инабатпен бірге ауылдың шетіндегі көлге өздері қолдан жасаған ағаш қайықты жіберіп келуге рұқсат сұрап, кетіп қалған. Қастарында көрші үйдің балалары Савель мен Даша бірге болған.

«Сол жерде мал су ішетін тоқтау судың жағасында жатқан екі метрлік бетон цементке Инабаттың аяғы тайып, құлап кеткен. Азамат болса, дереу арғы жағынан суға секірген. Ол өзінің қарындасын жиекке лақтырып жіберген де, өзі жағаға шыға алмай қалған. Бер жақта қалған үш бала бар дауыспен көмекке шақырғанмен ешкім табылмаған.

Даша жағада суға тұншығып ессіз жатқан Инабаттың кеудесін қағып, суды шығара бастаған. Ол сол кезде теледидардан көргендегідей әрекет еткенін айтады. Әбден шошып қалған балалар Алдиярдың анасына жүгіріп келіп, оның суға батып кеткенін айтқан. Өкінішке орай, оқиға орнына жеткенде баланың денесі бірден табылмады. Бұған қоса, көбі жүзуін білмейтінін айтып, суға түсуден бас тартқан. Сол сәтте Дашаның әкесі келіп қалып, Азаматтың денесін жағаға алып шықты», — дейді Нұргүл Уахитова.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда