jasqazaq.kz

12 жасар туған қызын зорлап келген ата-ана жаға ұстатты

23 қантар 2018, 18:14

Волгоградта 2016 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың наурызына дейін туған қызын зорлап келген ерлі-зайыпты сот алдына келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

34 жастағы ерлі-зайыптылар 12 жасар қызын зорлау арқылы оны ересек өмірге дайындап, тәрбие бергендерін алға тартуда. Бұл жантүршігерлік жағдайды қызды қараған гинеколог біліп қояды.

Ол қыздың белсенді түрде жыныстық қатынасқа түсіп жүргенін біле сала, полицияға хабар береді.

Тергеу барысында қызды туған ата-анасы олармен топтық жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп келгені анықталған.

Көп ұзамай, әйел 13 жасында өзінің де зорланғанын алға тартып, қызын бейтаныс еркек зорлағанын қаламадым деп ақталады.

Осылайша ол, күйеуімен ақылдаса отырып, қызының алғашқы төсек қатынасы әкесімен болуы керек деп ұйғарған.

«Педофилдерден гөрі біздің істегеніміз артық», — деп ақталды сотталушылар.

Белгілі болғандай, алтыншы сынып оқушысы ата-анасы зорламай тұрып, сабақты үздік оқып келген. Алайда соңғы жайттардан кейін ол мектепке баруын доғарыпты.

Үш бөлмелі пәтерде ерлі-зайыптылардан бөлек қыздың әжесі де тұрғаны анықталды. Бірақ қорқынышты жағдайды әжесі де, көршлері де байқамай келген.

Олар тек отағасының аузы ішімдіктен құрғамайтынын байқағанын айтуда. Енді ерлі-зайыптылар кемінде 20 жылға түрмеге қамалатын болады.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды