jasqazaq.kz

«100 жаңа есім»: Жас жауынгерді құтқарған полковник

13 желтоқсан 2017, 15:41


Қайрат Үмбетов – полковник, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының «Орталық» аймақтық қолбасшылығының 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.
100esim.el.kz сайты хабарлағандай, 2016 жылдың 7-ші сәуірінде Қарағанды облысының Қарабас кентіндегі оқу-жаттығу орталығында жедел қызметтің жеке құрамымен бірге граната лақтыру барысында 6505 әскери бөлімінің бастығы Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, жас жауынгерді өз денесімен қалқалап жапты және оны өлімнен құтқарды.
Жарылыс салдарынан офицер жарқыншақ тиіп жарақатты, қатардағы жауынгер А.Сұлтанқұлов бірнеше болмашы жарақат алды. Полковниктің өзі болса, бұл әрекетін ерлікке бағаламайды.
Қайрат Үмбетов жауынгермен таныс болмаған. Жасақта 3 мыңға жуық адам бар, олардың барлығын тану мүмкін емес. Соған қарамастан өз өмірін қатерге тіге отырып, көмекке келген. Қайрат Үмбетов 38 жыл ғұмырының 21 жылын Отанға қызмет етуге арнаған. Осы уақытқа дейін оның тәжірибесінде бұндай жағдай болмаған.
Полковник өмірін құтқарған жиырма жасар жауынгер Абзал Сұлтанқұлов әскерге 2015 жылы шақырылған. Ол гранатаны лақтырғанда, тапсырманы дұрыс орындауға тырысқанын, бірақ сол мезетте қатты қобалжығанын айтты. Кейінірек, жауынгер жауынгерлік жаттығуларды орындау кезінде гранатаны жеткіліксіз күшпен лақтырғаны анықталды.

Бүгін, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды