jasqazaq.kz

10 млн теңгеден астам пара алған Фармация комитетінің қызметкерлері ұсталды

10 шiлде 2017, 12:30

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет фармкомпания мүддесін лоббилендіргені және жүйелі түрде пара алғаны үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті мен территориалдық бөлім қызметкерлерін ұстады.

3 шілде күні Жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше мәрте 10 млн-нан жоғары сомада бірнеше рет пара алған Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармация комитетінің төрағасы Л.Ю.Пак, Павлодар облысы бойынша Фармация департаментінің жетекшісі З.Ш.Қажынова, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Фармация комитетінің бас маманы П.Т.Имамходжаев пен Фармация комитетінің бас сарапшысы Д.К.Ибраеваны ұстады. Олар заңсыз түрде ақшалай сыйды өндірістік және дистрибьюторлық тәжірибе сертификаттары үшін алып отырған. Сондай-ақ пара берген «Зерде» ҒӨБ» ЖШС атқарушы директоры Э.М.Жүзбаева да қолға түсті. Аталған қызметкерлер пара алудан басқа кепілді тегін медициналық көмек мөлшерінен сатып алынатын медициналық препараттардың бағасын көтеру арқылы бюджет қаржысын жымқырған деп айыпталып отыр. Пак, Қажынова, Имамходжаев пен Жүзбаева қамауға алынса, Ибраева үй қамаққа алынды.

24.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда