ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Солтүстік Қазақстан облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы департаментінің өкілдері Новоишимка қаласы әкімінің орынбасарын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жапаров «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясындағы нысанның құрылысы бойынша актіге қандай да бір кедергілерсіз қол қойылуы үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге сұраған»,-делінген хабарламада.
Жапаров Айыртау аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына орналастырылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында пара бергені үшін «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тексеру департаментінің жетекшісі Е.Абдрахманов ұсталған болатын.